Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 9 қыркүйектегi № 324 "Созақ ауданы аумағындағы көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындарды белгiлеу туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 28 шілдедегі № 180 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 11 тамызда № 4188 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8 тармағына сәйкес Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 9 қыркүйектегi № 324 "Созақ ауданы аумағындағы көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындарды белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 4 қазанда № 3858 болып тіркелген, 2016 жылғы 08 қазандағы "Созақ үні" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Созақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;

      2) осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсін.

      Аудан әкімі С. Полатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады