1. 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімінің орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 24 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | М. Исаев |
Созақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "6" желтоқсандағы № 408 қаулысына қосымша |
2016 жылғы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері
№ | Басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | Өтінімді қабылдау мерзімдері |
1. | Дәндік жүгері | 2016 жылдың 24 қазанынан 25 желтоқсанына дейін |
2. | Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) | 2016 жылдың 24 қазанынан 25 желтоқсанына дейін |
3. | Майлы дақылдар 1 тонна өнімге | 2016 жылдың 24 қазанынан 25 желтоқсанына дейін |
4. | Картоп | 2016 жылдың 24 қазанынан 25 желтоқсанына дейін |
5. | Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары | 2016 жылдың 24 қазанынан 25 желтоқсанына дейін |
6. | Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып өсірген көкөніс және бақша дақылдары | 2016 жылдың 24 қазанынан 25 желтоқсанына дейін |
7. | Бірінші жыл егілген жем шөптік көп жылдық дақылдар | 2016 жылдың 24 қазанынан 25 желтоқсанына дейін |
8. | Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері | 2016 жылдың 24 қазанынан 25 желтоқсанына дейін |
9. | Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері | 2016 жылдың 24 қазанынан 25 желтоқсанына дейін |