2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға өтінім беру мерзiмдерiн айқындау туралы

Мерзімі біткен

Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 22 қарашадағы № 341 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 30 қарашада № 3891 болып тiркелдi. 2017 жылдың 9 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген), Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық–материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Д. Дүйсебаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 22 қарашадан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Аудан әкімі Б.Р.Парманов

  Төлеби ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 341 қаулысына қосымша

2016 жылы субсидияланатын басым ауылшаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзiмдерi


Басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Өтінімді қабылдау мерзімдері
1
Дәндік жүгері
2016 жылдың 22 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін
2
Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс)
2016 жылдың 22 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін
3
Картоп
2016 жылдың 22 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін
4
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 22 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін
5
Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып өсірген көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 22 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін
6
Бірінші жыл егілген жем шөптік көп жылдық дақылдар
2016 жылдың 22 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін
7
Сүрлемдік жүгері
2016 жылдың 22 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін
8
Өнеркәсіптік үлгідегі жылы жайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 22 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін
9
Фермерлік жылы жайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 22 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады