2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін айқындау туралы

Мерзімі біткен

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 404 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қарашада № 3886 болып тіркелді. 2017 жылдың 6 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген), Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Жанесенге жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қарашасынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Аудан әкімі Ә. Тұрғымбеков

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 18 қарашадағы
№ 404 қаулысына қосымша

2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері


Басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Өтінімдерді қабылдау мерзімі
1
Дәндік жүгері
2016 жылдың 1 қарашасынан 30 қарашасына дейін
1.1
оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген дәндік жүгері
2016 жылдың 1 қарашасынан 30 қарашасына дейін
2
Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс)
2016 жылдың 1 қарашасынан 30 қарашасына дейін
3
Картоп
2016 жылдың 1 қарашасынан 30 қарашасына дейін
4
Көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 1 қарашасынан 30 қарашасына дейін
4.1
оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 1 қарашасынан 30 қарашасына дейін
5
Жем шөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда)
2016 жылдың 1 қарашасынан 30 қарашасына дейін
6
Фермерлік жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
2016 жылдың 1 қарашасынан 30 қарашасына дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады