Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 28.03.2018 № 25-170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешiмiмен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Шардара ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | И.Әділхан |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б.Муталиев |