2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін айқындау туралы

Мерзімі біткен

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 28 қарашадағы № 380 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 30 қарашада № 3892 болып тiркелдi. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген), Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Шардара ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын:
      2) осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Жолдыбайға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 3 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Т.Байтұрғанов

  Шардара аудан әкімдігінің
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 380 қаулысына қосымша

2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері


Басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Өтінімді қабылдау мерзімдері
 
Дәндік жүгері
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
 
Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс)
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
 
Мақта
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
 
оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген мақта
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
5.
Картоп
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
6.
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
6.1.
Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып өсірген көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
7.
Бірінші жыл егілген жем шөптік көп жылдық дақылдар
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
8.
Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін
9.
Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 3 қазанынан 30 қарашасына дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады