Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар, бұлақтар және арналық тоғанның су қорғау аймақтарын және су қорғау белдеулерін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 02 наурыздағы N 49 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 сәуірде N 4465 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар мен бұлақтар үшін су қорғау аймақтарын және белдеулерін белгілеу" жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар, бұлақтар және арналық тоғанның су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар, бұлақтар және арналық тоғанның су қорғау аймақтары аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М. М. Құсаинов) "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар мен бұлақтар үшін су қорғау аймақтарын және белдеулерін белгілеу"жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға берсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясының басшысы Р. Сүлейменов
      2016 жылғы "3"__03___
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ғ. Сүлейменов
      2016жылғы "3"___03____

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2016жылғы "2" наурыздағы
№ 49 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар, бұлақтар және арналық тоғанның су қорғау аймақтары және су қорғау белдеулері

Су объектілері

Қаралып отырған ұзындық, км

Су қорғау аймағы

Соның ішінде су қорғау белдеуі

Шағын бұлақ, арналық тоған

Жағалау сызығы

Шекарасының

ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені,м

Шекарасының ұзындығы,

км

Ауданы,

га

Ені,м

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Жылғалар,шағын бұлақ және арналық тоған

Шағын бұлақ-0,053,

арналық тоған-0,055

Арналық тоған-0,155

0,315

3,26

50-140

0,325

0,37

5,0-35,0

      Ескертпе:
      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар мен бұлақтар үшін су қорғау аймақтарын және су қорғау белдеулерін белгілеу"жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады