Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 487-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына, "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5675) сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2523, 2010 жылғы 1 ақпандағы № 16 "Дидар", 2010 жылғы 2 ақпандағы № 16 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.";
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Солдатов |
Шығыс Қазақстан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | В. Головатюк |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 5 қазандағы № 6/58-VІ шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ертіс өзені бассейні | |||
1 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 тек.м | 98,3 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса | теңге /1000 тек.м | 282,5 |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге /1000 тек.м | 79,6 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге /1000 тек.м | 79,6 |
5 | Су энергетикасы | теңге /1000 кВт.сағ. | 29,7 |
6 | Су көлігі | теңге /1000 т. км | 10,9 |
Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні | |||
7 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 тек.м | 90,5 |
8 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса | теңге /1000 тек.м | 249,7 |
9 | Ауыл шаруашылығы | теңге /1000 тек.м | 71,8 |
10 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге /1000 тек.м | 68,7 |
11 | Су энергетикасы | теңге /1000 кВт.сағ. | 26,5 |
12 | Су көлігі | теңге /1000 т. км | 7,8 |