"Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 4790 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі ШЕШТІ:
      1. "Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4632 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 тамыздағы № 101 (17341) "Дидар", 2016 жылғы 23 тамыздағы № 102 (19854) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады