Семей қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылға арналған әлеуметтiк қолдау шараларын айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 2/18-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 cәуірде № 4522 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 13/91-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 06.04.2017 № 13/91-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 3-тармағы 4)-тармақшасына, 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 183 қаулысына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің № 72 Бұйрығының 4-тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9946 нөмірімен тіркелген) сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТI:
      1. Семей қаласының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы келесі әлеуметтiк қолдау шаралары айқындалсын:
      1) жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтік қолдау - бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.
      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы М. Көкрекбаев
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Ақжалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады