Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 5/45-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қазанда № 4692 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 30/196-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 29.11.2018 № 30/196-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 5 тармағына, 444-бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Ақжалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады