2016 жылға Курчатов қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 375 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 наурызда № 4423 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 419 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 22.04.2016 № 419 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Курчатов қаласының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) Оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметін тоқтауына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
      15) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
      16) зейнеткерлік жасқа жетуіне дейінгі елу жастан асқан адамдар;
      17) халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сай кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыссыздар;
      18) жалғыз тұратын адамдар;
      19) асырауында кәмелеттік жасқа толмаған екі және одан да көп балалары бар адамдар;
      20) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      21) өнімсіз еңбекпен айналысқан өзін-өзі қамтыған халық;
      22) бір де жұмыс істеушілері жоқ отбасылардан шыққан азаматтар;
      23) есірткіге тәуелді және АҚТҚ инфекциясымен ауыратын тұлғалар.
      2. "Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Курчатов қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. "2015 жылға Курчатов қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2015 жылғы 19 ақпандағы № 58 әкімдік қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 11 наурыздағы 3723 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінде 2015 жылдың 19 наурыздағы 12(1022) нөмірімен жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Нұрғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады