"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу қағидасын бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 маусымдағы № 5/30-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 шілдеде № 4597 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 14.09.2018 № 24/191-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу қағидасын бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-94 нөмірімен тіркелген, облыстық "7 дней" газетінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 33 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібін белгілеу қағидасында:
      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібін белгілейді.";
      4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "4. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Э. Батырбеков
      Курчатов қалалық мәслихатының
      Хатшысы Г. Қарымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады