РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2) тармақшасына, 7-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға Абай ауданы аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамкорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
15) 50 жастан асқан әйелдер;
16) 55 жастан асқан ер адамдар;
17) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Т. Мүсәпірбеков |