Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 914 қаулысы және Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/64-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 ақпанда № 4873 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын, 31-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармағын, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШТІ және Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласының "9-шы шағын аудан" көшесі - "Ысқақ Сүлейменов" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы бірлескен шешім мен қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Сессия төрағасы Аудан әкімі
      А. Қасымжанов Б. Байахметов
      Мәслихат хатшысы С. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады