Жарма ауданының Божығұр ауылдық округінің Қаражал ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Божығұр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 шілдеде № 4589 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Божығұр ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Божығұр ауылдық округі әкімінің 29.12.2017 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 275 ұсынысы негізінде, Божығұр ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Жарма ауданының Божығұр ауылдық округінің Қаражал ауылында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысы (Ж. Саржаков, келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жарма аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (Г.Құлжанбекова, келісім бойынша) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Божығұр ауылдық
      округінің әкімі М. Жансеитов

      Келісілді:

      "Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау комитетінің
Жарма аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесі басшысы
Ж. Саржаков

      " 22 " 06 2016 жыл

      "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Жарма аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы" республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Г. Құлжанбекова

      " 22 " 06 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады