Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Жарма ауданының Божығұр ауылдық округi әкімінің Қаражал ауылында шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" Жарма ауданының Божығұр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 1 шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Божығұр ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қаңтарда № 5423 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Жарма ауданының аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылы 24 шілдедегі № 352 ұсынысы негізінде, Божығұр ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Жарма ауданының Божығұр ауылдық округiнiң Қаражал ауылында шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Жарма ауданы Божығұр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 1 "Жарма ауданының Божығұр ауылдық округiнiң Қаражал ауылында шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4589 тіркелген, 2016 жылы 8 шілдесінде "Қалба тынысы" аудандық газетінде және 2017 жылы 25 қазанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Божығұр ауылдық округінің әкімі М. Жансеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады