Зайсан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы "Зайсан аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 23-4 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 8-2/4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 4784 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Зайсан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы "Зайсан аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 23-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3221 тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 36 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ф. Мухаметқалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады