"Зырян ауданының туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы N 52 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда N 4427 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 428 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 09.12.2016 № 428 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Зырян ауданының туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі А. Кәрімов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 16 ақпандағы № 52
қаулысымен бекітілген

"Зырян ауданының туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ереже

      1. "Зырян ауданының туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Зырян ауданы аумағында туризм саласында басшылықты жүзеге асырады.
      2. Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясымен, және Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілерімен, тағы басқа құқықтық актілермен, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме нысанында ұйымдық-құқықтық заңды тұлға болып саналады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Зырян қалалық Қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық–құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070800 Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Пролетарская көшесі, 77.
      8. Мемлекеттік органның толық атауы: "Зырян ауданының туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      10. Бөлім қызметін қаржыландыру Зырян ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      12. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: Зырян ауданы аумағында туризмді дамыту мәселелері жөнінде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
      14. Бөлімнің міндеттері:
      1) Зырян ауданында туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;
      2) туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.
      15. Бөлімнің қызметі:
      1) Зырян ауданының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) Зырян ауданы аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны аудан әкіміне береді;
      3) туризмді дамыту жоспарын әзірлейді және аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды енгізеді;
      4) Зырян ауданы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
      5) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
      6) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;
      7) аудандағы туристік маршруттардың және жолдардың тізілімін жүргізеді;
      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      16. Құқығы және міндеттері:
      Бөлім:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкіміне қарауға ұсынуға;
      2) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орнатылған бастамашылық тәртіппен кеңес өткізуге;
      3) өз қызметін атқару үшін қажетті ақпаратты ұйымдардан және оның басшыларынан, өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған құзыреті шеңберінде сұрауға;
      4) Зырян ауданы өкілдерінің туристік қызметте облыстық, республикалық, өңіраралық және өзге де іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етуге;
      5) Зырян ауданының туризм саласында жұмыс істейтін мамандардың кәсіптік білім деңгейін арттыруға кеңес беруді және жәрдемдесуді жүзеге асыруға құқылы.
      Бөлім:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктеме беруге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты және материалдарды ұсынуға;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін өзге міндеттерді орындауға міндетті.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындауына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің басшысын Зырян ауданының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлім басшысының өкілеттілігі:
      1) Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлім басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      3) Бөлім қызметкерлерімен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің этика нормасын сақтауын қамтамасыз етеді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      5) өз құзіреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      6) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін қорғайды;
      8) Зырян ауданы әкімдігі қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
      10) азаматтардың тәжирбиелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыртын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Бөлімнің Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      21. Бөлімнің мүлкі (қаражат кірістерін қоса алғанда) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
      23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады