2016 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы N 170 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 маусымда N 4581 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 428 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 09.12.2016 № 428 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
       2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі А. Кәрімов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 27 мамыр
№ 170 қаулысына қосымша

2016 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге төленетін жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі балалар ұйымдарына орналастырылған балалар саны (адам)

Айына бір тәрбиеленушіге төленетін орташа шығындардың құны, теңге

Айына төлентін ата-

ананың

ақы төлеу мөлшері, теңге

Бала -
бақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

Бала -
бақшалар, бө
бекжайлар

Шағын орталықтар

Бала -
бақшалар, бөбекжайлар

Шағын

орта - лықтар

23 600

18 490

1 005

216

23 600

18 490

11 000

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады