Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2016 жылғы 17 қазандағы № 9/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 қарашада № 4738 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/3-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 21.10.2021 № 8/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 821 "Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта атау туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 12.04.2019 № 47/16-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1.Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жыл ішінде ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
      2. Мынадай тәртібі айқындалсын:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу "Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
      2) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) отбасының жиынтық табысына қарамастан, мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне не заңды өкіліне ұсынылады;
      3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 тіркелген);
      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
      5) шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқуы кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 02.07.2020 № 69/19-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы П. Потапенко
      Зырян ауданының мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады