Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 09.09.2022 № 20/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 09.09.2022 № 20/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланғанкүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес Алтай ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |
Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/3-VII шешіміне 1- қосымша |
Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 09.09.2022 № 20/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі-Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 20.06.2023 № 4/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.
3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген өтініш берілген айдан бастап мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 20.06.2023 № 4/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі, Шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес ұсынылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 20.06.2023 № 4/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын төрт айлық есептік көрсеткішке тең.
8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алудан бас тартуға негіз, Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.
Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/3-VII шешіміне 2- қосымша |
Алтай ауданының мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Зырян ауданының мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2016 жылғы 17 қазандағы № 9/3-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4738 болып тіркелген);
2. Алтай ауданының мәслихатының "Зырян ауданының мәслихатының 2016 жылғы 17 қазандағы № 9/3-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 47/16-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5882 болып тіркелген);
3. Алтай ауданының мәслихатының "Зырян ауданының мәслихатының 2016 жылғы 17 қазандағы № 9/3-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 2 шілдедегі № 69/19-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7298 болып тіркелген).