Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгiленген бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Тарбағатай ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 5 қарашадағы № 394 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3109 болып тiркелген, аудандық "Тарбағатай" газетiнiң 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 103 (7793) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 18 бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д. Оразбаев |
Келісілді:
Тарбағатай ауданының мәслихат хатшысы |
М. Мағжаев |
"18" қаңтар 2016 жыл