Ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру белгiленген бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 қарашадағы № 394 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 желтоқсанда № 3109 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 269 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 14.04.2020 № 269 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО - ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 27.03.2014 № 94 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 18 бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 18.01.2016 № 16 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру белгiленген бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 27.03.2014 № 94 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Жақаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі Д. Оразбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Мәслихат хатшысы М. Мағжаев

      05 қараша 2013 жыл

  Тарбағатай ауданы
әкiмдiгiнiң 2013 жылғы
05 қарашадағы № 394
қаулысына 1 қосымша

Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi "Тарбағатай ауданының бiлiм
беру бөлімi" мемлекеттiк мекемесiнiң ауылдық жердегi жұмысы
үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру белгiленген бiлiм
мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мектеп директоры

      2. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

      3. Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

      4. Мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары

      5. Интернат меңгерушісі

      6. Кітапхана меңгерушісі

      7. Әдістемелік кабинет меңгерушісі

      8. Барлық мамандықтар мұғалімдері

      9. Педагог-психолог

      10. Қосымша білім педагогы

      11. Педагог-ұйымдастырушы

      12. Өндірістік оқыту шебері

      13. Әлеуметтік педагог

      14. Алғашқы әскери даярлық жетекшісі

      15. Дене тәрбиесінің жетекшісі

      16. Тәлімгер

      17. Тәрбиеші

      18. Музыкалық жетекші

      19. Кітапханашы

      20. Медициналық бике

      21. Әдіскер

      22. Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі

      23. Қосымша білім беру ұйымының директоры

  Тарбағатай ауданы
әкiмдiгiнiң 2013 жылғы
05 қарашадағы № 394
қаулысына 2 қосымша

Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi "Тарбағатай ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнiң ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық
айлықақыларын көтеру белгiленген әлеуметтiк қамтамасыз ету
мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Үйден әлеуметтiк көмек көрсететiн бөлiмшенiң меңгерушiсi

      2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтегi қажеттiлiгiн анықтау және бағалау жөнiндегi сарапшы-маман

      3. Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi кеңесшi

      4. Күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер

  Тарбағатай ауданы
әкiмдiгiнiң 2013 жылғы
05 қарашадағы № 394
қаулысына 3 қосымша

Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi "Тарбағатай ауданының
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң
ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру
белгiленген мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры

      2. Коммуналдық қазыналық кәсіпорын директорының орынбасары

      3. Қоюшы-режиссер

      4. Суретші

      5. Оркестрдің көркемдік жетекшісі

      6. Ансамбль жетекшісі

      7. Вокалды – аспаптар жетекшісі

      8. Дирижер

      9. Әдіскер

      10. Әртіс

      11. Балетмейстер

      12. Хормейстер

      13. Мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы

      14. Кітапхана директоры

      15. Кітапханашы

      16. Библиограф

  Тарбағатай ауданы
әкiмдiгiнiң 2013 жылғы
5 қарашадағы № 394
қаулысына 4 қосымша

Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi "Тарбағатай ауданының ауыл
шаруашылығы және ветеринария бөлімi" мемлекеттiк мекемесiнiң
ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру
белгiленген ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. Шешім 4 қосымшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 27.03.2014 № 94 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры;

      2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директорының орынбасары;

      3. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын филиалының директоры;

      4. Ветеринариялық пункт меңгерушісі;

      5. Мал дәрігері;

      6. Мал фельдшері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады