Тарбағатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 24-2 "Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі шешімі № 4-10 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 тамызда № 4630 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 52-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 52-7 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 24-2 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3694 тіркелген, "Тарбағатай" газетінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 26 жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы Қағидасында:
      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.";
      4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "4.Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін, жергілікті атқарушы орган көрсетеді.";
      5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) тоқсан сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш бере алады және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Ж.Мұхамадиева
      Тарбағатай аудандық
мәслихатының хатшысы
С.Жақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады