Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 52-7 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11015 тіркелді, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 24-2 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3694 тіркелген, "Тарбағатай" газетінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 26 жарияланған), келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы Қағидасында":
мына мазмұндағы 6 -1 тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Жергiлiктi жылумен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдан тәуелсiз жылына бiр рет тоқсанға тағайындалады.";
13-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"13. Шектi жол берiлетiн шығыстар деңгейі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстарына 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Омарбеков |
Тарбағатай аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Жақаев |