Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 292 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 шілдеде № 4611 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 13.05.2020 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы тізбені аудандық мәслихатқа келісу үшін жіберілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Манаповқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлаң ауданының әкімі Д. Батырбаев

      Келісілді

      Ұлан аудандық мәслихатының хатшысы О. Сыдыков

      2016 жылғы " 3 " маусым

  Ұлан ауданы әкімдігінің 2016
жылғы " 3 " маусым № 292
қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      3) әлеуметтік жұмыс бойынша кеңес беруші.
      2. Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, орталық, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, интернат, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, оқу-өндірістік пункт меңгерушісі;
      2) барлық мамандықтар мұғалімдері, медбике, аға тәрбиеші, тәрбиеші, тәлімгер, аға шебер, шебер, оқытушы, музыкалық жетекші, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог-психолог;
      3) зертхана жетекшісі;
      4) әдістемелік кабинет басшысы;
      5) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 10.02.2017 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6) меңгерушісі: интернат, кітапхана, мұражай, оқу кабинетінің, оқу зертханасының, спорт құрылыстарының, медициналық педогогикалық комиссия психологі;
      7) кітапханашы;
      8) әдістемеші;
      9) үйірме жетекшісі;
      10) аудармашы;
      11) тренер;
      12) хореограф;
      13) тәрбиешінің көмекшісі;
      14) нұсқаушы;
      15) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 10.02.2017 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 10.02.2017 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
      1) мәдени ұйымдастырушы;
      2) кітапханашы;
      3) аккомпаниатор;
      4) мәдени тынығу жұмысының қызметкері;
      5) музыкалық оператор;
      6) музыкалық жетекші;
      7) мәдени ұйымдастырушы;
      8) вокалдық тобының басшысы;
      9) хореограф;
      10) концертмейстер;
      11) демалыс ұйымдастырушы;
      12) техникалық әртіс, дыбыстық оператор;
      13) әдіскер;
      14) сектор меңгерушісі;
      15) клуб меңгерушісі;
      16) суретші;
      17) хормейстер;
      18) солист.
      4. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:
      1) басшы, директор;
      2) директордың, басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
      3) нұсқаушы, әдіскер-нұсқаушы;
      4) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы;
      5) есепші.
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) ветеринарлық пунктінің меңгерушісі;
      2) ветеринарлық дәрігер;
      3) ветеринарлық эпизоотолог;
      4) ветеринарлық паразитолог;
      5) ветеринарлық терапевт;
      6) ветеринарлық техник;
      7) ветеринарлық санитар
      8) ветеринарлық фельдшер;
      9) малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі оператор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады