РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының негізінде Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 жылға Шемонаиха ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 316 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 07 желтоқсанда 4260 нөмірімен тіркеліп, "ЛЗ-Сегодня" газетінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 52 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі | А.Тоқтаров |