2016 жылға Шемонаиха ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы N 316 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 желтоқсанда N 4260 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № 79 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағы, 7-бабы 2) тармақшасы негізінде Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Шемонаиха ауданының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
      15) өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге, оның ішінде жұмыс көлемінің қайта ұйымдастырылуы және (немесе) қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні тәртібімен жұмыс істейтін адамдар;
      16) жалақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
      17) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
      18) бұрын жұмыс істемеген (еңбек өтілі жоқ) адамдар;
      19) жазғы демалыс кезеңіндегі оқушылар мен студенттер;
      20) 50 жастан асқан адамдар;
      21) отбасында бірде-бір жұмысшысы жоқ адамдар;
      22) маскүнемдік және (немесе) нашақорлықтан емдеу курсынан өткен адамдар.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 11.01.2016 № 05 қаулысы (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. "Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (Бабаева Г.Н.) мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шемонаиха ауданының әкімі А.Тоқтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады