Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдарының 2016 жылға еңбекақы төлеу қорының мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 64 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 наурызда № 4309 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын, "Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1043 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылдың 31 желтоқсанында № 12742 тіркелген) басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдарының 2016 жылға еңбекақы төлеу қорының мөлшері белгіленсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Қ. М. Ирменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2016 жылғы 15 наурыздағы
№ 64 қаулысына
қосымша

Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық
ұйымдарының 2016 жылға еңбекақы төлеу қорының мөлшері

    
Медициналық ұйымдар
Басым бағыттары бойынша
Еңбекақы төлеу
қорының мөлшері

1.

облыстық
1) жоғары мамандандырылған, стационарлық, стационар алмастырғыш медициналық көмектерді көрсететін ұйымдар;
80000 базалық лауазымдық жалақыға дейін
2) стационарлық, стационар алмастырғыш, амбулаторлық-емханалық, кеңесші-диагностикалық көмек көрсететін, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттаумен, қан және оның компоненттерін дайындаумен айналысатын
40000 базалық лауазымдық жалақыға дейін

2.

облыстық маңызы бар қала
стационар алмастырғыш, амбулаторлық-емханалық, алғашқы медициналық-санитариялық, жедел медициналық көмек көрсететін
40000 базалық лауазымдық жалақыға дейін

3.

аудандық
стационарлық, стационар алмастырғыш, оңалту және сауықтыру, амбулаторлық-емханалық және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін
37000 базалық лауазымдық жалақыға дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады