"Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 51 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 4325 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 164 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 02.06.2017 № 164 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. О. Есекенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2016 жылғы 1 наурыздағы № 51
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстың ішкі саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж. Молдағалиев көшесі, 19 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыс тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйін қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту мен қолдау және аймақтың ақпараттық кеңістігінің бәсекелестік қабілетін арттыру жолымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік ішкі саясатты тиімді жүзеге асыру болып табылады.
      14. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
      1) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімі және әкімдігінің Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының құзырына қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
      4) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
      5) ішкі саясат саласындағы өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
      6) өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынбалар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      7) өңірдегі ішкі саяси процесстерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
      8) азаматтық қоғам институттарымен, өңір жұртшылығы өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
      15. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
      2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру;
      3) өңірдегі ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;
      4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық топтардың өңірдегі қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
      6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми және шығармашылық қауымдастықтармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
      7) "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің (әкімдігінің) жанындағы кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;
      8) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжамдау;
      9) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
      10) концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің актілерінің жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу;
      11) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихатпен, облыс әкімінің аппаратымен, облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
      12) "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап-қорыту және жіктеу;
      13) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелерді пысықтау үшін мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
      2) жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге;
      3) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсетуге;
      4) жариялануға жататын мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялауды жүзеге асыруға.

3. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінен басшылықты "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы жүзеге асырады.
      18. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) өз орынбасарларының және "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
      3) белгіленген заңнамалық тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
      4) белгіленген заңнамалық тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
      5) өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      6) "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімдері туралы ережені бекітеді;
      7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
      8) "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
      9) "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
      10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
      11) заңдылықтың, "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметіндегі келісім-шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
      12) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.
      13) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
      "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады