Орал қаласы бойынша 2016 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 1880 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 шілдеде № 4489 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 1061 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 12.04.2017 № 1061 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 ақпандағы № 154 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының бұйрығын (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдедегі № 11763 тіркелген) басшылыққа алып және әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы бойынша 2016 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі бекітілсін.
      2. Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 1371 "Орал қаласы бойынша 2015 жылы субсидиялауға жататын ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар залалды маршруттардың тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3912 тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырдағы "Жайық үні – Жизнь города" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Қ. Мұхамбетқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Ғ. Орынғалиевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Төреғалиев

  Орал қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 24 маусымдағы
№ 1880 қаулысымен бекітілген

Орал қаласы бойынша 2016 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі


Маршруттардың атауы
1
Орал қаласы – "Учужный затон" бау-бақша серіктестігі
2
Орал қаласы – "Барбастау" бау-бақша серіктестігі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады