Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 423 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қарашада № 4598 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.Сердалин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Абуғалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ә.Жоламанов

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 16 қарашадағы
№ 423 қаулысына
қосымша

Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері


Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері

1

Көкөніс- бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда)

16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін

2

Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақша дақылдары

16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін

3

Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары

16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін

4

Көп жылдық және бір жылдық шөптер (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда)

16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін

5

Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарында

16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін

6

Күнбағыс және сүрлемдік жүгері

16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады