Бөрлі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 785 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 қарашада № 4601 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2016 жылғы 11 қазандағы № 5255 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (А.Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ихсановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
К.Утегенов

  2016 жылғы 9 қарашадағы
№ 785 Бөрлі ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Бөрлі ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

      1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 12 "Бөрлі ауданы бойынша 2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4253 тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған);
      2. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 42 "Бөрлі ауданы бойынша 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4268 тіркелген, 2016 жылғы 24 наурызда "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған);
      3. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 108 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-125 тіркелген, 2012 жылғы 6 сәуірде "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады