Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-9 "Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 тамыздағы № 3-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 қыркүйекте № 4541 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 36-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 04.03.2020 № 36-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-9 "Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3413 тіркелген, 2014 жылғы 3 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жергілікті бюджет есебінен АЕК-тің 50 пайыз мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету;".
      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А. Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Мұқанова
      Мәслихат хатшысы Е. Таңатов

      "КЕЛIСIЛГEH"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
_________________ М. Тоқжанов
2016 жылғы 15 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады