Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 16 "Зеленов ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 наурызда № 4275 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 334 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімінің 13.05.2019 № 334 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес және Зеленов аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 16 "Зеленов ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3501 тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырда "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасымен құрылған Зеленов ауданы аумағында сайлау учаскелерінің тізіміндегі:
      № 158 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "№ 158 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Қаражар ауылы, "Чернояров жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Қаражар, Поливное ауылдары.";
      № 163 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "№ 163 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Егіндібұлақ ауылы, ауылдық клубтың ғимараты.
      Шекарасы: Егіндібұлақ, Чесноков ауылдары.";
      № 168 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "№ 168 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Карпов ауылы, ауылдық кітапхананың ғимараты.
      Шекарасы: Карпов, Таловое ауылдары.";
      № 184 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "№ 184 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Январцев ауылы, ауылдық кітапхананың ғимараты.
      Шекарасы: Январцев, Петров ауылдары.";
      № 212 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "№ 212 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Павлов ауылы, "Павлов жалпы білім беретін бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Павлов, Кожевников ауылдары.";
      № 215 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "№ 215 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Погодаев ауылы, "Қасым Ахмиров атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Погодаев, Чапурин ауылдары.";
      № 217 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "№ 217 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Котельников ауылы, "Краснов №3 орта жалпы білім беретін бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Котельников, Астафьев ауылдары.".
      2. Зеленов ауданының сайлау учаскелеріндегі өзгерістер туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырсын.
      3. Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Д.Залмұқанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Д.Залмұқановқа жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К.Жақыпов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Зеленов аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
________ А.Досжанов
15.02.2016 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады