Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12705 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 175 "Зеленов ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4311 тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірде "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Зеленов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "Зеленов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Зеленов ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Зеленов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Зеленов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12705 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және "Зеленов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалаудың алгоритмін айқындайды.".
осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларына сәйкес 1, 2, 3, 4, 5 қосымшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Д. Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Д. Залмұқановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Жақыпов |
Нысан
2016 жылғы 26 ақпандағы № 175 Зеленов ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің лауазымы: ___________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
№ р/с | Шаралардың аталуы* | Іс-шараның нәтижесі |
1 | Іс-шара | |
2 | Іс-шара | |
3 | Іс-шара | |
4 | … | |
- шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына) қол жеткізуге бағытталуын, ол (олар) болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс
Нысан
2016 жылғы 26 ақпандағы № 175 Зеленов ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Бағалау парағы
_________________________ тоқсан_____ жыл
(бағаланатын кезең)
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:
№ р/с | Қызметшінің өзін-өзі бағалауы | Тікелей басшының бағалауы | Ескерту | ||||
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер | Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер | Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер | ||
1 | | | | | | | |
2 | | | | | | | |
3 | | | | | | | |
| Өзін-өзі бағалау нәтижесі: | Бағалау нәтижесі: | |
Нысан
2016 жылғы 26 ақпандағы № 175 Зеленов ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Бағалау парағы
_________________________________________________ жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________
Жеке жоспарды орындау бағасы:
№ р/с | Аталуы | Маңызы | Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері | Басшының бағалау нәтижелері | Ескерту |
1 | Іс-шара | 2-ден 5 ке дейін | | | |
2 | Іс-шара | 2-ден 5 ке дейін | | | |
3 | Іс-шара | 2-ден 5 ке дейін | | | |
4 | … | | | | |
Нысан
2016 жылғы 26 ақпандағы № 175 Зеленов ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Айналмалы бағалау нәтижелері
__________________________________________________ жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________
№ р/с | Құзіреттін аталуы | Маңызы | Баға (балл) |
Тікелей басшы | |||
1. | Бастамашылығы | 2-ден 5 ке дейін | |
2. | Әрекеттестікке икемділігі | 2-ден 5 ке дейін | |
3. | Қызметтік этиканы сақтау | 2-ден 5 ке дейін | |
| БАРЛЫҒЫ: | | |
Бағынышты адам | |||
1. | Жұмысты жоспарлай білу | 2-ден 5 ке дейін | |
2. | Жұмысқа негіздей білу | 2-ден 5 ке дейін | |
3. | Қызметтік этиканы сақтау | 2-ден 5 ке дейін | |
| БАРЛЫҒЫ: | | |
Әріптесі | |||
1. | Топта жұмыс істей білу | 2-ден 5 ке дейін | |
2. | Қызметтік этиканы сақтау | 2-ден 5 ке дейін | |
| БАРЛЫҒЫ: | |
Нысан
2016 жылғы 26 ақпандағы № 175 Зеленов ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_____________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)
№ р/с | Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Комиссияның бағалау нәтижелеріне түзетулері (болған жағдайда) | Комиссияның ұсыныстары |
1. | | | | |
2. | | | | |
... | | | | |
Комиссия қорытындысы:
_____________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: ___________________________ Күні: _____________
Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)