Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 23.06.2017 № 349 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11094 тіркелді) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.С.Шауеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К.Жақыпов |
2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 677 Зеленов ауданы әкiмдiгiнiң қаулысына қосымша |
Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі | Өтінімді ұсыну мерзімдері |
1 | Күздік бидай | 10 қазаннан бастап 17 қазанға дейін |
2 | Күздік қара бидай | 10 қазаннан бастап 17 қазанға дейін |
3 | Арпа | 10 қазаннан бастап 17 қазанға дейін |
4 | Жаздық бидай | 10 қазаннан бастап 17 қазанға дейін |
5 | Майлы дақылдар | 10 қазаннан бастап 17 қазанға дейін |
6 | Картоп | 10 қазаннан бастап 17 қазанға дейін |
7 | Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген картоп дақылдары | 10 қазаннан бастап 17 қазанға дейін |
8 | Көкөніс-бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда) | 10 қазаннан бастап 17 қазанға дейін |
9 | Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақша дақылдары | 10 қазаннан бастап 17 қазанға дейін |
10 | Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары | 10 қазаннан бастап 17 қазанға дейін |
11 | Көп жылдық және бір жылдық шөптер (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда) | 10 қазаннан бастап 17 қазанға дейін |
12 | Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарында | 10 қазаннан бастап 17 қазанға дейін |
13 | Күнбағыс және сүрлемдік жүгері | 10 қазаннан бастап 17 қазанға дейін |