Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 130 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 мамырда № 4412 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 380 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 22.12.2016 № 380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Казталов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 тамыздағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 4 қыркүйекте № 3088 тіркелген) № 173 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З. Мажитоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Бекқайыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады