Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл қыстағы аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 3 тамыздағы № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 тамызда № 4507 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 09.09.2016 № 6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті "Казталов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 2 тамыздағы № 233 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Тереңкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округінің Тереңкөл қыстағы аумағында ірі қара малынан сібір жарасы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Тереңкөл ауылдық
округінің әкімі
Ж. Қайыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады