Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 16 тамыздағы № 271 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малынан сібір жарасы ауруының пайда болуына байланысты, Тереңкөл ауылдық округінің Тереңкөл қыстағы аумағында белгіленген карантин алынып тасталсын.
2. Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 3 тамыздағы "Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округінің Тереңкөл қыстағы аумағында карантин белгілеу туралы" № 5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4507 тіркелген, 2016 жылғы 16 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі жарияланған) күші жойылсын.
3. Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С. Ищанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл ауылдық округінің әкімі | Ж. Қайыров |