Қаратөбе ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 179 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қарашада № 4602 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі, "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Ж.Сұлтан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Өмірзақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
Р.Иманғалиев

  2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 179 Қаратөбе аудан
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Қаратөбе ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 40 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-9-116 тіркелген, 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 16 "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) қаулысы.
      2. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 41 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-9-117 тіркелген, 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 16 "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) қаулысы.
      3. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 11 "Қаратөбе ауданы бойынша 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4259 тіркелген, 2016 жылғы 19 ақпандағы № 7 "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) қаулысы.
      4. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 12 "Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4265 тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпандағы № 9 "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады