Сырым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 469 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 4646 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сырым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Е.Сарсенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Шыныбеков

  Сырым ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "21" желтоқсан № 469 қаулысына
қосымша

Сырым ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 80 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-10-104 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 маусымдағы "Сырым елі" газетінде жарияланған) қаулысы;
      2. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 маусымдағы № 108 ""Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3538 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымдағы "Сырым елі" газетінде жарияланған) қаулысы;
      3. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 94 ""Сырым аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3850 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 наурыздағы "Сырым елі" газетінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады