Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 2-3 "Тасқала ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 тамыздағы № 5-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 тамызда № 4509 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 44-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 21.02.2020 № 44-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 2-3 "Тасқала ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4364 болып тіркелген, 2016 жылы 29 сәуірде "Екпін" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Тасқала аудандық мәслихатының аппараты басшысының міндетін атқарушы (Б. Бисалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ә.Сәрсенбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады