1. Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 164 "Тасқала ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектер үшін квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4462 тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулының күші жойылсын.
2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С.Әлиев |