Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Шежін ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде № 4357 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 306 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінің Шежін-2 ауылының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Шежін ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С. С. Булатов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шежін ауылдық округінің әкімі Т. Шакиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады