Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 05.02.2020 № 39-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі №3-2 "Теректі ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4413 тіркелген, 2016 жылғы 27 мамырдағы "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Теректі аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (В. Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Ж. Уразгалиева |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Ә. Нұрғалиев |