Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 29.06.2018 № 22-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Теректі аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (В. Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Ж. Уразгалиева |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Ә. Нұрғалиев |
Теректі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 тамыздағы №6-5 шешіміне қосымша |
Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасы
Осы Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда №11015 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi – телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;
3) кондоминиум объектiсiн басқару органы – кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) уәкiлеттi орган – тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
5) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп–ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп–ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп–ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар.
2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Теректі ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп–ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
3. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп–ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес белгіленеді.
Тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi пайдалану үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан 5% мөлшерінде белгіленеді.
4. Тұрғын үй көмегi қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.
2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi
5. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және нәтижесін беру, сонымен қатар тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар стандартқа сәйкес қабылданады.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
6. Тұрғын үй көмегі барлық жарты жылдық бойына алты ай мерзімге, жарты жылдық алдындағы соңғы тоқсандағы кірістер бойынша тағайындалады, жарты жылдық алдындағы шығыстар өткен тоқсанға немесе қызметтер толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсанға ескеріледі. Тұрғын үй көмегін есептеу жартыжылдық сайын тоқсандарға бөле отырып тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындауға арналған құжаттары тіркелген арыздарды қабылдау жартыжылдықтың соңғы айының 10 күніне дейін жүргізіледі. Жаңа мерзiмге құжаттарды ресімдеу ресімдеудің алғашқы процедурасына ұқсас.
7. Отбасының (азаматтың) табыстары, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға және коммуналдық қызметтердiң тұтыну төлемдерiнiң тарифтерi өзгерген жағдайда уәкiлеттi орган бұрын тағайындалған көмектi қайта есептейді.
8. Тұрғын үй көмегiн алушылар тұрғын үй көмегiн алуға әсер ететiн мән-жайлар туралы он күн мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға хабарлауға тиіс, ал өтiнiш берушiнiң тұрғын үй көмегiн заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәлiметтер бергенi анықталған жағдайда, өтiнiш берушiге тағайындалған тұрғын үй көмегiн төлеу тоқтатылады.
Артық төленген соммалар өз еркiмен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
9. Жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы бар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды. Тұрғын үй көмегi 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтiмге мұқтаж мүгедектердi күтетiн тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерiнде есепте тұрған психикалық аурулармен ауыратындар және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнiнде дәрiгерлiк-кеңестiк комиссияның қорытындысы барларды қоспағанда, еңбекке жарамды, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған тұлғалар, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және уәкілетті органға жұмыссыз ретiнде тiркелмеген отбасы мүшелерi бар отбасыларға (азаматтарға) берiлмейдi.
3. Тұрғын үй көмегiн төлеу
10. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн төлеу екiншi деңгейдегi банктер арқылы уәкiлеттi органмен жүзеге асырылады.