Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 18-5 "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 мамырда № 4439 болып тіркелді. Күші жойылды -Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 ақпандағы № 50-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды -Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 11.02.2020 № 50-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" және 2016 жылғы 4 наурыздағы №133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 18-5 "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3409 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Серпін" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" және 2016 жылғы 4 наурыздағы №133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      көрсетілген шешіммен бекітілген Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағида) және 2016 жылғы 4 наурыздағы №133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.";
      2-тармақта:
      8) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "11) әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған және табысы аз азаматтары мен оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      12) отбасына көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган үміткермен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешені;
      13) "Өрлеу" жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
      14) өтініш беруші (үміткер) – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан өтініш білдірген адам;
      15) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.";
      8-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
      "2) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға айлық есептік көрсеткіштің 50 пайыз мөлшерінде.";
      9-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.";
      10-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60 пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.";
      мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2, 14-3, 14-4, 14-5 - тармақтармен толықтырылсын:
      "14-1. Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне өтініш береді.
      Уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткер өтініш білдірген күні оған "Өрлеу" жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді. Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысуға келісім берген жағдайда уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент әңгімелесу жүргізеді.
      Әңгімелесу жүргізу кезінде:
      1) ШАК алу негіздемесі;
      2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына мұқтаждығы;
      3) жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, отбасы мүшелеріне олардың әлеуметтік бейімделу шаралары айқындалады.
      Әңгімелесу нәтижелері бойынша орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша әңгімелесу парағы ресімделеді.
      14-2. Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер "Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш пен орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
      3) отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
      4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;
      5) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.
      14-3. Уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және "Өрлеу" жобасына қатысуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізу үшін учаскелік комиссияларға береді.
      Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізеді, орталық атқарушы орган бекітетін нысандар бойынша зерттеп-қарау актісін және учаскелік комиссия қорытындысын жасайды және учаскелік комиссия қорытындысын уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне береді.
      Ауылдық округ әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, олар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға береді.
      14-4. Уәкілетті орган:
      1) ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан құжаттарды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне ШАК-тың айлық мөлшерін айқындайды;
      2) ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін, осы Қағидалардың 14-5-тармағында көзделген жағдайларды және бірінші, екінші топ мүгедектерін, білім алушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасасу үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.
      Бұл ретте, уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей олармен әлеуметтік келісімшарттар жасасады және әлеуметтік келісімшарттардың көшірмелерін уәкілетті органға жібереді;
      3) әлеуметтік келісімшарттардың көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес жеке жоспарды әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу үшін шақырады;
      4) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу күні нысанын орталық атқарушы орган бекітетін тағайындау (ШАК тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және ШАК тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш берушіге орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша бас тарту туралы (себептерін көрсете отырып) хабарлама жібереді.
      14-5. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу мынадай жағдайларда:
      1) стационарлық, амбулаториялық (санаторийлік) емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынылған кезде) кезеңіне:
      2) отбасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын басқа да еңбекке қабілетті мүшелер болған кезде отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, өзге адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қарттарға күтім жасауды жүзеге асыруды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне ШАК алу үшін міндетті шарт болып табылады.
      Уәкілетті орган ШАК тағайындау туралы шешімдердің негізінде алушыға ШАК төлеуді жүзеге асырады.
      ШАК тағайындау туралы хабарлама өтініш беруші уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне өзі келген кезде беріледі.
      ШАК төлеуді уәкілетті орган алушылардың банк шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган мынадай:
      1) "Өрлеу" жобасына қатысушы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған;
      2) анық емес мәліметтер беруіне байланысты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бұзылған;
      3) алушының банк шоты бойынша үш айдан астам қозғалыс болмаған;
      4) ШАК алушылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі туралы мәліметтер, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықталған;
      5) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы мәліметтер, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан келіп түскен;
      6) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кеткен;
      7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздестіріліп жатқан адамдар фактісі, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықталған;
      8) қамқоршылықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы мәліметтер түскен жағдайларда нысанын орталық атқарушы орган бекітетін шартты ақшалай көмек төлемін тоқтату туралы шешім қабылдайды.
      Бұл ретте, ШАК-ты заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған анық емес мәліметтер ұсынылғаны анықталған жағдайда адамға (отбасына) шартты ақшалай көмек тағайындалған кезеңге оны төлеу тоқтатылады. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен артық төленген сомаларды қайтару жөнінде шаралар қолданады.";
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Бұл ретте, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) ШАК төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады;
      2) облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде жүзеге асырылады.
      Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен қаражат бөлінбеген жағдайда шартты ақшалай көмек толықтай жергілікті бюджет қаражаты есебі арқылы жүзеге асырылады.
      Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы үш айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде және әлеуметтік келісімшарт ұзартылған жағдайда қайта қаралмайды.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
      ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
      ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және тағы басқа сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.".
      2. Шыңғырлау аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Б.Уразғалиев) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын және "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Қазенов
      Мәслихат хатшысы Г.Волкогон

      "КЕЛIСIЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
___________ М.Тоқжанов
25.05.2016 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады