Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 2-1 "Тасқала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 36-2 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 тамыздағы № 5-7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 тамызда № 4512 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 10-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 27.01.2017 № 10-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі №2-1 "Тасқала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №36-2 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4395 болып тіркелген, 2016 жылы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тасқала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №36-2 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";
      1-тармақта:
      отыз төртінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілде мәтіні өзгермейді;
      отыз бесінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілде мәтіні өзгермейді;
      отыз алтыншы абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілде мәтіні өзгермейді;
      отыз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мынадай мазмұндағы 9-1 тармағымен толықтырылсын:".
      2. Тасқала аудандық мәслихатының аппараты басшысының міндетін атқарушы (Б.Бисалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ә.Сәрсенбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады